Наверх

Погода в Астане:20 октября, день: +15° 5 м/с20 октября, вечер: +12° 6 м/с21 октября, ночь: +9° 4 м/с21 октября, утро: +7° 3 м/с

Атырауда мал ауруларын болдырмау үшін 1 млн.-нан астам вакцина сатып алынады

1244
Фото: atr.kz.

Үй жануарларын қауіпті аурулардан қорғау мақсатында жүргізілетін егу жұмыстары ақпан айынан басталады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылы облыста мал ауруларының алдын алу үшін 1 миллионнан астам вакцина сатып алу жоспарланып отыр.

Барлық үй жануарлары міндетті түрде вакцинацияланатын болады. Қауіпті аурулар тізбесіне — түйіндік дерматит, марқа, қарасан, құс аурулары және тағы да басқа қауіпті мал дерттері енгізілген.

- Қазіргі уақытта Атырау облысында үй жануарларының қауіпті аурулары туралы деректер жоқ. Биыл республикалық қаражат есебінен бөлінген вакциналарды егу жұмыстары ақпан айынан басталып жыл соңына дейін жүргізілетін болады. Келген вакциналар үй жануарларына бірден егіледі - дейді облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Элеонора Даутбаева.

Оценить материал
0