Наверх

Погода в Астане: 27 июня, день: +13° 8 м/с27 июня, вечер: +13° 5 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +13° 8 м/с

Шығармашылық достықта шек жоқ

1747
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

Танымал қазақстандық скрипкашы, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен керемет скрипкашы әрі дирижер Эльдар Нагиев (Ресей – Португалия) «Музыкалық қиылыс» топтамасынан концерт ұсынбақ.

Кеш 13 қаңтар күні сағат 18.00-де театрдың Камералық залында «Астана Опера» Камералық оркестрінің қатысуымен өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметінен хабарланды.

Эльдар Нагиев – халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы, В.Я.Янковский атындағы Новосібір жасөспірімдер симфониялық оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, Новосібір опера және балет театрының оркестр солисі және дирижердің ассистенті. Ол Д.Ф.Ойстрахтың атақты скрипка мектебінің ізбасары, әйгілі педагог Ольга Владимировна Марченконың шәкірті. Қазіргі таңда Эльдар Нагиев әлем бойынша концерттерімен өнер көрсетіп жүр.

Осы кеште жеке партияларды танымал қазақстандық музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ермек Құрманаев (виолончель) пен Евгения Құрманаева (скрипка) орындайды. Клавесин партиясында – Анар Камельдинова.

Концерт бағдарламасына А.Вивальдидің оркестрмен үш скрипкаға арналған концерті, И.С.Бахтың оркестрмен екі скрипкаға арналған концерті, В.А.Моцарттың ішекті аспаптар квартетіне арналған дивертисменті, №5 оркестрмен скрипкаға арналған концерттің бірінші бөлімі, альт пен скрипкаға арналған концерттік симфонияның бірінші бөлімі (альт партиясын виолончельде Е.Құрманаева орындайды), А.Дворжактың ішекті аспаптар оркестріне арналған серенадасы, И.Фроловтың дивертисменті және т.б. әлемдік классика жауһарлары енген.

Оценить материал
0