Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Курсанттармен кездесті

1098
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлов Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанттарымен кездесті.

Мәжіліс депутаты институттың жауынгерлік даңқ мұражайы мен кітапханасын аралап, оқу кабинеттерін қарап шықты.

Бұдан кейін оқу орнының акт залында институт қызметкерлері және курсанттарымен кездесу өткізді.

Депутат өз сөзінде Кеңес заманындағы ең мықты 17 ұшқыштың қатарында «Алтын қыран» аталған Талғат Бигелдиновтің есімімен аталатын бұл оқу орнының маңызы зор екендігін жеткізді.

Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр өтсе, бұл оқу орнының да тарихы тәуелсіздікпен егіз. Осы оқу орнында бүгінде қызмет атқарып жүрген полковник шеніндегі, басқа да командирлердің барлығының да тәуелсіздікке қосқан үлесі көп,- деді Мәжіліс депутаты.

Кездесуде Мәжіліс депутаты курсанттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, Ауған соғысында басынан өткерген оқиғаларды айтып берді.

— 25 жылдық тарихы бар бұл оқу орнында білікті мамандар тәуелсіз елдің ұландарын — болашақ ұшқыштар мен офицерлерді дайындап жатыр. Осындай мамандықты таңдап, оқып жатқан курсанттардың елге, жерге деген отансүйгіштігі қуантады, — деді Б.Смағұлов.

Дереккөз: «Ақтөбе» газеті.

Оценить материал
0