Наверх

Погода в Астане:06 июня, вечер: +19° 3 м/с07 июня, ночь: +16° 1 м/с07 июня, утро: +21° 2 м/с07 июня, день: +26° 3 м/с

Ақтөбеде «Намыс» спорттық-патриоттық клубы ашылды

1246
Фото: «Ақтөбе» газеті сайтынан.

Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында облыстық «Намыс» спорттық-патриоттық клубы ашылды. Шараға Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысып, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылған «Намыс» спорттық-патриоттық клубы  өскелең ұрпақтың елімізге деген сүйіспеншілігін арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік беретін орталық болмақ.

Қала әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, аула клубтарының көбеюі қала тұрғындарын, оның ішінде жастарды қуантады. Елімізге абыройлы қызмет ету — әр азаматтың қасиетті борышы. Мұндағы жастар нағыз тәрбиелі, өз Отанының шынайы патриоты болмақ.

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл сөз сөйлеп, мұндай орталықтың жастар үшін маңыздылығына тоқталды.

— Біз, Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль, Семей полигондары апатында болған азаматтар, ерлік пен елдікті, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін кейінгі жас ұрпақтың бойына сіңіруге тиіспіз. Бүгінгі ашылған спорттық клубта көптеген сала жан-жақты қамтылған. Сондықтан бұл жерден нағыз талантты да салауатты жастар шығуы тиіс, — деді.

Орталықта спорттың каратэ, таэквондо, қоян-қолтық ұрыс түрлері бойынша, сондай-ақ хореография, фитнес, ағылшын тілі пәні, домбыра үйірмелерінен дәріс ала алады. Ата-аналарға үйірмеге қатысатын балаларын күтуге арналған арнайы бір бөлме, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған музей бар. Үйірмелер арзандатылған бағамен ақылы түрде жұмыс істейді.

Дереккөз: «Ақтөбе» газеті.

Оценить материал
0