Наверх

Погода в Астане: 19 мая, вечер: +15° 9 м/с20 мая, ночь: +10° 5 м/с20 мая, утро: +13° 9 м/с20 мая, день: +17° 11 м/с

Маңғыстауда биыл 1400 жаңа жұмыс орны ашылды

853
Фото: AKTAU-BUSINESS.COM.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар кәсіпкерлерді марапаттады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Өңір басшысының мәліметінше, облыста шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 47 мыңға жетіп, 107% -ға ұлғайған. Өз кәсібін ашып, еңбек етіп жүргендер саны 112 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 103,2%-ға артқан. Биыл 1400 жаңа жұмыс орыны ашылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Елбасының тапсырмасына орай, өңірдегі орта және шағын бизнеске қолайлы жағдай жасау рейтингіне сәйкес, республика бойынша Маңғыстау облысы 2-орынды иеленген.

Маңғыстау 2020 жылға қарай ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 30%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Облыста шағын бизнеспен айналысамын деген әрбір азаматқа толықтай мүмкіндік жасалынып отыр.Сондықтан, еңбек саласының ғана емес, сананың жаңғыруы да аса маңызды-деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар, шарада 30-ға жуық кәсіпкер мен қаржы ұйымдарының өкілдері Алғыс хат иеленді. 

Оценить материал
0