Наверх

Погода в Астане:20 октября, ночь: +10° 5 м/с20 октября, утро: +8° 4 м/с20 октября, день: +14° 5 м/с20 октября, вечер: +10° 5 м/с

ХҚКО табыстырған жұптар

1176
Фото: Хабар 24.

Тәуелсіздік күні мерекесі мен Халыққа қызмет көрсету орталығының.

10 жылдығына орай «ХҚКО табыстырған жұптар» тақырыбында шара өтеді, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылып, жұмыс істей бастағанына 10 жыл толып отыр. 10 жылдық белесті артқа тастаған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, бүгінде үлкен жетістіктерге жетіп, халықтың сеніміне кірді.

Мемлекеттік қызметтің 83 процентін, яғни 548 қызмет түрін халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетіп отыр. Бүгінде «бір терезе» қағидатынан «бір өтініш» қағидатына өту бойынша жұмыстар істелуде.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары осы жылдар ішінде жастардың жұмыс істеу орны ғана емес, адамдар арасындағы сыйластықтың, бауырмалдықтың, махаббаттың мекеніне де айналды деуге болады. Еңбек жолын осында бастаған талай жастарымыз, отбасылық өмірге де осы жерден жолдама алып жатыр.

Оның дәлелі – ХҚКО-да танысып, махаббатпен табысып, шаңырақ көтеріп, бүгінде алдыңғылары 2-3 баланың ата-анасы атанып, бақытты отбасы болып отырған 30-ға жуық жұптарымызды айтсақ болады.

«ХҚКО табыстырған жұптар» атты шараға осында бірге қызмет істеп  жүріп танысып, отау құрған жұптар қатысады.

Оценить материал
0