Наверх

Погода в Астане:29 мая, ночь: +19° 4 м/с29 мая, утро: +21° 4 м/с29 мая, день: +23° 5 м/с29 мая, вечер: +20° 4 м/с

Қаллеки театрында «Шәмші» спектаклі қойылады

1314
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы жаңа премьераға дайындық үстінде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Желтоқсанның 1,2,3 күндері театр сахнасында «Шәмші» спектаклінің премьерасы өтеді. Жаңа қойылым белгілі композитор, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өміріне арналған. Ақын Серік Тұрғынбекұлының пьесасын сахналауға қойылым режиссері мен театр ұжымы алты ай бойы дайындалған.

«Бұған дейін Шәмші Қалдаяқов туралы еліміздің көптеген театрлары сахналады. Көп сериялы фильм де түсірілді. Шәмші туралы шығармалардың көбі оның өмірінің кезеңдері мен композиция ретінде әндеріне құралған. Біз көрерменге оның көп жыл бойғы жалғыздығы мен шығармашыл тұрғаның жан дүниесіндегі құбылыстар туралы сахналауды жөн көрдік», - дейді қойылым режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Шәмші образын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеуілов сомдайды. Қойылымда композитордың бірқатар әндері де орындалады. Премьераға Шәмші Қалдаяқовтың жұбайы мен балалары келеді деп жоспарланып отыр.

Оценить материал
0