Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Жас ақындар арасындағы мүшайраның жеңімпаздары анықталды

1984
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Астанада өткен «Рухани жаңғыру – ұлттың мұраты» атты мүшайраның жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін шара биыл Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мен Астана қаласының 20 жылдығына арналды. 

«Мүшайраны ұйымдастырудағы басты мақсат- халық және жастар арасында насихат жұмыстарын жүргізу арқылы қазақ қоғамының рухани құндылықтарын нығайту,мемлекеттік тілді насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның, елордасы Астананың жарқын жеңістерін паш ету, сондай-ақ, шығармашыл жастарға қолдау білдіру, поэзия арқылы қазақ тілінінің байлығын, оның әсемдігін көрсету», - деп атап өтті Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Ержан Еңсебаев. 

Мүшайраға Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Өскемен, Семей, Тараз және Талдықорған қалаларынан елуден астам ақын қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындылары бойынша ақырғы бәйгеге тек 10 үміткер өткен. 

Жыр бәйгесінде  бірінші орынды қарағандылық Рауан Қабидолдин, екінші орынды астаналық Ажар Ерболған және үшінші орынды оралдық Алпамыс Файзолла еншіледі. 

Жеңімпаздарға Астана қаласы әкімінің атынан мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. 

Оценить материал
0