Наверх

Погода в Астане: 04 октября, ночь: +3° 4 м/с04 октября, утро: +4° 4 м/с04 октября, день: +10° 4 м/с04 октября, вечер: +7° 5 м/с

Қарағандыда Бұқар жыраудың 350 жылдығы аталып өтіледі

1913
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

2018-ші жылы Қарағанды облысының жұртшылығы  Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын атап өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Мерейтойлық шараларға дайындық жұмыстары басталып та кеткен. 

Мерекелік шараларды 2018-ші жылдың тамызында өткізу ұсынылып отыр.  
Мерейтойға орай, Бұқар жырау энциклопедиясын қайта басып шығару, республикалық айтыс, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру, телебағдарламалар циклін жасау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Бұқар жырау туралы бірде бір пьеса мен фильм жоқ екені ескеріліп,мерейтой аясында бұл мәселені де назардан тыс қалдырмау қажеттігі айтылды.  
Ұйымдастыру комитетінің өкілдері тек мерейтойлық шаралар туралы ғана емес, сонымен қатар ауданның елді мекендерін абаттандыру қажеттілігін де талқылады.

Оценить материал
0