Наверх

Погода в Астане: 13 августа, вечер: +20° 7 м/с14 августа, ночь: +14° 6 м/с14 августа, утро: +16° 7 м/с14 августа, день: +22° 8 м/с

Баянауылға ұшақпен баруға болады

1344
Фото: Облыс әкімінің сайтынан.

Баянауылдағы аэродромға 18 орындық Лет-410 жолаушылар ұшағы келіп қонды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің сайтында жарияланды.   

Екі қозғалтқышы бар әуе кемесімен Павлодардан - Баянауылға дейін 16 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде кезінде аудан орталығымен әуе қатынасын жандандыруды ұсынған аймақ басшысы Болат Бақауов та болды. Екі арадағы жолдың ұзақтығы 40 минут

Әуе рейсіне «Жезқазған Эйр» компаниясы қызмет көрсетті. Бұл фирманың жергілікті әуе желілеріне қызмет көрсетуде бай тәжірибесі бар.

– Бүгін біз алғаш рет Павлодар мен Баянауыл арасында әуе рейсін жасадық, – деді ұшақтың капитаны Сергей Терехов. – Рейс ойдағыдай өтті. Баянауылдағы аэродром ұшақтарды қабылдауға толықтай дайын деп ойлаймын. Қазіргі кезде аэродром толықтай қоршалған. Мамандар ұшу-қону алабының аумағында қосымша инфрақұрылым құрылысы мәселесімен айналысып жатыр.

 

Оценить материал
0