Наверх

Погода в Астане: 04 октября, ночь: +3° 4 м/с04 октября, утро: +4° 4 м/с04 октября, день: +10° 4 м/с04 октября, вечер: +7° 5 м/с

«Қазақстан аңыздары» BBC World News телеарнасында

1830
Фото: Министрліктің сайтынан.

«Қазақстан аңыздары» жарнамалық кампаниясы аясында, Қазақстанның қасиетті жерлері – Айша бибі кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған ең танымал жәдігер «Алтын адам» тарихы туралы түсірілген бейнероликтер, үстіміздегі жылдың 4 қарашасынан бастап BBC World News телеарнасында көрсетіле бастады. Бейнероликтерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша BBC өкілдері және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы бірлесіп түсірген. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Бейнероликтердің түсірілімдері үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Қазақфильм» киностудиясының территориясында және Есік, Үшқоңыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен. Жобаны түсіруге отандық және шетелдік мамандар тартылған. Бейнероликтерге Оңдасын Бесикбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес және басқалар түскен.

– Осы жылы көктемде Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында еліміздің Үшінші жаңғыруын орындау мақсатындағы басты жоба деп – «Қасиетті Қазақстан» жобасын атаған болатын.  Ұлттық кодымыздың негізі болып табылатын, халқымыздың бай мұрасын және мәдениетін насихаттау үшін, «Қазақфильм» киностудиясы BBC World News телеарнасымен бірлесе отырып, «Қазақстан аңыздары» атты жарнамалық кампанияны бастап кетті.

Басты мақсат – сыртқы және ішкі мәдени туризмді дамыту. Ол өз кезегінде әлемдік бәсекелестікке жол бастайды, - деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серік Жұбандықов.

 

Оценить материал
0