Наверх

Погода в Астане: 06 июня, ночь: +24° 3 м/с06 июня, утро: +28° 4 м/с06 июня, день: +36° 4 м/с06 июня, вечер: +22° 4 м/с

Экран әуендерінің алтын топтамасы

2296
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

Астанада үлкен танымалдылыққа ие «Экран әуендері» бағдарламасы «Астана Опера» Камералық залының сахнасында қайта ұсынылатын болады. 10 желтоқсан күні ХХ-ХХІ ғасырдағы кинофильмдердің үздік әндері музыкалық кештің авторы Әлихан Ыдырысовтың жинақтамасында шырқалатын болады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаңа концертте музыканттар залға лық толы көрерменнің ыстық ықыласын тудырып, шаттыққа бөлеген алдыңғы 3 өнер көрсетудің үздік композицияларын ұсынады. Осы бағдарламада тыңдармандарды көптеген тосынсыйлар күтуде, олардың қатарында әркімге таныс, әсіресе кинематографияға құштарлықпен қарайтын жандар үшін музыкалық шығармалардың премьерасы бар.

- Бағдарламада бұрын шырқалған нөмірлер бар, бірақ осы жолы барынша ауқымды, хордың қатысуымен орындалатын болады. Жобамыз алмаз тас секілді, оны гауһартас болғанша қырын шығаруға тырысамыз, сондықтан бағдарламаға ең үздік туындыларды қосуды жөн көрдік. Қазақстан қалалары бойынша гастрольге алып шығуға болатын концертімізді барынша көп адамның көріп, тамашалағанын қалаймыз, - деп  ойымен бөлісті Әлихан Ыдырысов.

Музыкалық жаңалықтардан Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» кинофильмінің әуендері, Эмиль Лотянудың «Мой ласковый и нежный зверь» кинофильмінен алынған вальсі ұсынылады, Ерлан Мерекенов тұңғыш рет Георгий Юнгвальд-Хилькевичтың «Д’Артаньян және үш ноян» кинофильмінен Арамис партиясын орындайды.

Жас көрермендерді Василий Ливановтың «По следам бременских музыкантов» мультфильмінен «Трубадурдың серенадасы» күтуде, ол Қазыбек Досмұхамбетовтың интерпретациясында шырқалатын болады. Сергей Бодров (үлкен), Талғат Теменовтың «Көшпенділер» кинофильмінен алынған «Балапан қаз» қазақ халық әні концерттің көркін аша түспек.

 

Оценить материал
0