Наверх

Погода в Астане: 24 июня, ночь: +12° 4 м/с24 июня, утро: +13° 4 м/с24 июня, день: +17° 5 м/с24 июня, вечер: +15° 4 м/с

Өзбекстан Сенаты той рәсімдеріне өзгерістер енгізді

1519
Фото: kazislam.kz.

Өзбекстан Сенаты өткен аптаның жұма күні өткізген пленарлық отырысында той рәсімдері, отбасылық рәсімдер мен еске алу шараларына өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды республиканың жоғары парламентінің ақпараттық қызметі.

Қабылданған құжатқа сәйкес, енді республика бойынша той және басқа да рәсімдерді сағат 10.00 мен 23.00 аралығында өткізуге рұқсат етіледі, дәстүрлі палау мен дастарқан жаю уақыты – сағат 12.00-15.00 аралығы. Той мен рәсімдерге шақырылатын қонақтар саны да 150 адаммен шектеледі, палау дастарқанына – 200 адамға дейін.

Сонымен қатар, той рәсімінің концерттік бағдарламасында бір ғана орындаушы немесе ансамбль болуы керек. Шараға қолданылатын автокөлік саны екеуден аспауы керек, деп жазылған қаулы мәтінінде.

Өзбекстан Сенаты сонымен қатар отбасылық шаралар өткізуде қоғамдық бақылау жүргізілуін міндеттеді. Бұл ретте барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен мекеме басшылары отбасылық рәсімдерде үлгі көрсетуі қажет.

Еске сала кетсек, бұған дейін өзбек депутаттары елде үйлену тойы өтетін 3-4 сағатта есепсіз ысырап жасалатынын, той шығынына ұзақ жыл ақша жинау қажет болса, жағдайы жетпеген адамдар қарызға өткізетінін айтып, мәселе көтерген.

Дереккөз: kazislam.kz.

Оценить материал
0