Наверх

Погода в Астане: 15 мая, день: +31° 6 м/с15 мая, вечер: +24° 5 м/с16 мая, ночь: +19° 5 м/с16 мая, утро: +24° 5 м/с

Былтыр Астанада 550-ден астам спорттық-бұқаралық шара өткізілген

856
Фото: inform.kz.

Астанада 18 мемлекеттік кәсіпорында спорттың 74 түрі дамытылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл: 10 БЖСМ, 1 спорт клубы, 2 спорт комбинаты, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 спорт сарайы,  1 олимпиадалық резервті дайындау орталығы мен 1 спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы.

Бұқаралық спортты дамыту аясында  былтыр елорда тұрғындарының арасында спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша біраз жұмыс атқарылды.  Спорттық шаралар ауданаралық аумағындағы спорттық алаңдарда, жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында өткізілген болатын.

Астана қаласының «Алматы», «Есіл» «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары бірлесіп тұрақты түрде «Көңілді старттар» мен спорттың алуан түрі бойынша жарыстар өткізіп тұрады. Бір жылдың ішінде Астанада 550-ден астам спорттық-бұқаралық шара өткізілген.

Оценить материал
0