Наверх

Погода в Астане: 13 мая, ночь: +10° 3 м/с13 мая, утро: +16° 4 м/с13 мая, день: +25° 7 м/с13 мая, вечер: +22° 5 м/с

Тегерандағы жабық кешендегі Азия чемпионатында еліміз құрамасы алтыншы алтынға ие болды

775
Фото: Федерация сайтынан.

Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші күнінде ерлер арасында алматылық сырықпен секіруші Никита Филиппов чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Жеңіл атлетика федерациясының сайты.

Бұл сайыс түрінен Қазақстаннан екі атлет қатысты. Филипповтан бөлек, қарағандылық Даниил Полянский. Әу бастан бұл екеуінен жоғары нәтиже күтілген.

Никита жарыс жолына соңғы болып шықты. Өйткені ол алғашқы мүмкіндігінде-ақ 5.20 метрге тапсырыс берген. Ал Полянский жарысты 5 метрмен бастады. Бірақ бұл биіктікті Даниил екінші мүмкіндігінде бағындырды. Кувейттен келген Али Алсобагхах 5 метрге бірінші талпысында-ақ секірді. Соның салдарынан Полянский жарысты төртінші орынмен аяқтады. Кейіннен жерлесіміз 5.20 метрге тапсырыс бергенімен, жолы болған жоқ.

26 жастағы Филиппов бірден 5.20 метрге секіріп, чемпион атанды. Иран спортшысы Мохаммад Баниадамның да көрсеткіші дәл осындай. Бірақ ол екінші мүмкіндігінде бағындырғандықтан күміс жүлдені қанағат тұтты.

Никита 5.40 метрге ұмтылып көргенімен, бұл жолы сәттілік серік болмаса да, бас жүлдеге қажетті нәтижені көрсетті.

Оценить материал
0