Алматыда тау шаңғысы спортын дамытуға көңіл бөлінбек

Универсиада ойындарынан кейін Алматыда тау шаңғысы спортын дамытуға көңіл бөліне бастады, деп хабарлайды Хабар 24.
Осы маусымнан бастап «Шымбұлақ» тау шатқалында жастар құрамасына арнайы жолақ бөлініп,керек-жарақтарды дайындау үшін және киім ауыстыруға арналған ғимарат берілді. Енді жас шаңғышылар сүйікті спорт түрімен алаңсыз айналыса алады.
Кәсіби шаңғы жолақтары, аппақ қарға оранған тау бөктері және таза ауа қысқы спортты жақсы көретіндерді Алматы тауларындағы осы көрініс қызықтырады. Көптеген қала тұрғындары мерекелік демалыстарын осы жерде шаңғы теуіп өткізеді.
Биылдан бастап «Шымбұлақ» тау шаңғысы спорт клубының тәрбиеленушілеріне жаттығу үшін арнайы жолақ берілді. 4 жыл бұрын құрылған клубтың 70 оқушысының 20-сы Қазақстанның жастар құрамасына мүше.