Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

СҚО әкiмi балаларға пони сыйлады

1294
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Петропавл IIБ кавалерия взводының базасы тiрек-қимыл аппараты зақымданған балаларға иппотерапия курстарын өткiзу алаңына айналып отыр, деп жарияланған облыс әкімдігінің сайтында.

Жұмыс бабымен жуырда болған облыс әкiмi Құмар Ақсақалов балалармен тiлдесiп, иппотерапияның пайдалы тұстарын айтқан болатын. Әңгiме барысында балалар облыс әкiмiнен пони алуға көмектесудi сұраған еді. Өйткенi, ерекше балаларға кәдiмгi атқа мiнуге қиынға соғады.

Жаңа жыл қарсаңында балалардың тiлегiн орындаған әкім,курстың қатысушыларына екi бiрдей пони сыйлады. Ендi иппотерапия курсы одан әрi пайдасын тигiзiп, қызықты өтетiн болады. Пониға  интернат тәрбиеленушiсi Сандуғаш Молдабаева да мiнiп көрдi. Ол бұл курстарға 2014 жылдан бастап келіп жүр.

Иппотерапия курсына тiрек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған интернаттың тәрбиеленушiлерi және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар келдi. Бұдан былай курсқа бүкiл балалар да келе алады.

Оценить материал
0