Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

Тоқтар Әубәкіров: Жаңа ауданның «Байқоңыр» аталуы жеңіс

1755
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданында Ғарышкерлер күніне арналған шара өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Астанада жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданында ҚР тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке құрмет көрсетілді. Журналистерге берген сұхбатында қазақ елінің тұңғыш ғарышкері аудан атауына байланысты ойын білдірді.

«Мен жаңа аудан ашылғанын және оған «Байқоңыр» атауы берілгенін білгенде... Әрине, кімде кімнің «Байқоңырмен» байланысы болса, әрине олар үшін жеңіс. Яғни бізді ел Президенті де, әкім де ұмытпаған. Олар Байқоңырдың біз үшін, ел үшін, Астана үшін өте маңызды екенін көрсетті. Мен тұрғындарды жаңа ауданның құрылуымен құттықтаймын», - деді Тоқтар Әубәкіров.

Салтанатты іс-шара барысында ғарышкерге құрмет көрсетіліп, келушілерге концерттік бағдарлама ұсынылды. «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов шараға қатысушыларды құттықтап, бұл күннің қазақ елі үшін өте ерекше мереке екенін айтты.

- Біз қазақстандықтар еліміздің аумағында әлемдегі ірі ғарыш айлағының орналасқанына мақтанамыз. «Байқоңыр» ауданы тұрғындарының атынан қазақ елінің батырларын атаулы мереке ғарышкерлер күні мен құттықтаймын», деді Е.Каналимов.

12 сәуір күні бар әлем халықаралық авиация және ғарышкерлер күнін атап өтеді. 1961 жылы 12 сәуірде «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет адамзат баласы ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.

Оценить материал
0