Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Танымал әнші, термеші Аяз Бетбаев өмірден өтті

1792
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Белгілі термеші, қазақ мәдениетіне ерекше үнімен өлшеусіз үлес қосқан жыршы Аяз Бетбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы танымал журналист Амангелді Сейітханов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазақ өнерінің қара нарындай болған жыршы-термеші 76 жасында өмірден өтті.

Ол Шу өңірінде қазақтың ұлттық өнеріне, жыр, термелеріне сусындап өсіп, Жамбыл, Сүйінбай, Кенендердің өнерін жалғастырып, маңдайына ақындық тағдыр жазылып, таңдайына тәтті үн ұялаған, даланың жырын, дананың үнін көкейіне қондырып, болмысына сөз сиқыры дарыған тума талант еді.

Ол – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің иегері, ақын-сазгер, жыршы-термеші. Аяз Бекетайұлы Бетбаев еліміздің мәдениет саласына қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Аяз Бетбаев жырлаған «Ақбөпе», «Сағыныш», «Ғашықтар», т.б. жыр-термелері халық жүрегінен ерекше орын алған.

Оценить материал
0