Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Қарағандының топырағы салынған капсулды Мамай қорғанына алып барады

1379
Фото: Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Объектив.kz тілшісі Ресейдің Волгоград облысындағы Мамай қорғанында қазақ жауынгерлерінің ерлігіне араға 75 жыл салып гранит ескерткіш орнатылатыны жайлы жазған болатын.

Қарағандының топырағы салынған капсулды Волгоградта орналасқан Мамай қорғанына алып барады, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Даңқ аллеясының алдындағы Мәңгілік алау жанында құмыраны полицейлер мен атақты ұшқыш Нүркен Әбдіровтің туыстары орап, жинады. 
Акция Ұлы Отан соғысының барысын өзгерткен Сталинград шайқасындағы жеңістің 75 жылдығына арналады. Сталинградты ерлікпен қорғаған батырлардың ішінде Қарағандылық  Нүркен Әбдіров те болған. 

Митингке облыстық ІІД басшылығы, ардагерлер, сондай-ақ Совет Одағы Батырының тікелей ұрпағы – Әбубәкір Әбдіров және оның ұлы Қарағанды ІІБ қылмыстық полиция бөлімінің қызметкері Бахтияр да болды. 
Бірінші болып капсулға  топырақты Әбубәкір мен Бахтияр Әбдіровтер салды. Сонан соң шараға қатысушылардың барлығы  бір уыс батыр туған жердің топырағын салып шықты. 

Нүркен Әбдіров 1919-шы жылдың 9-шы тамызында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының №5 ауылында дүниеге келген. Колхозда жұмыс істеген. Қызыл әскерге оны 1940-шы жылы шақыртқан. Бір жыл өткен соң 1941-ші жылы ол

К.Е. Ворошилов атындағы 1-ші Чкалов әскери-авиациялық ұшқыштар мектебін тәмамдады (қазіргі И.С. Полбин атындағы Орынбор жоғары әскери-авиациялық ұшқыштар училищесі). 
1942-ші жылдың 28-ші қазанынан бастап әскерге жіберілген. Майданда ұшқыш Нүркен Әбдіров барлығы 52 күн ғана болған .

1942-ші жылдың 18-ші желтоқсанында қаза болды. Әскери тапсырманы орындау барысында Нүркеннің ұшағына оқ тиіп, ол өзінің жанып жатқан ИЛ-2 ұшағын немістердің бензин тасымалдайтын көліктеріне бағыттаған. 

Кеңес Одағының Батыры атағы Нүркен Әбдіровке қайтыс болғаннан кейін 1943-ші жылдың 31-ші наурызында берілген.  
Нүркен Әбдіров Ростов облысының Боковск ауданындағы Коньков ауылында жерленген. Мамай қорғанында батырдың есімімен ескерткіш тақтайшасы орнатылған.

Оценить материал
0