Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

«Егеменнің» Ерағасы өмірден озды

1289
Фото: egemen.kz.

Қайғылы қаза туралы «Егемен Қазақстан» АҚ басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі Фейсбуктегі парақшасында жазған болатын.

Кешеден бері шәкірттері мен қаламдастары, замандастары қазақ журналистикасының қара нары, «Егеменнің» Ерағасы туралы естеліктерін жазып, ел газеті- «Егеменқазақстандықтарға»  Ержұман Өтешұлының қазасына байланысты көңіл айтып жатыр.

Е.Ө.Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысының Талғар ауданындағы Туғанбай ауылында дүниеге келген. 1971-1976 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, журналистика факультетін өте жақсы деген бағаға ие қызыл дипломмен бітіріп,1977-1978 жылдары КазГУ-де ассистент, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші болды.

1979-1987 жылдар аралығында республикалық «Лениншіл жас» басылымында редактордың орынбасары қызметін атқарды.

1987-1997 жылдары «Егемен Қазақстанда» бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарып, 1998-2003 жылдар аралығында бас редактор лауазымын иеленді. Ал 2003-2004 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті, 2011 жылға дейін вице-президенті болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен екі рет марапатталған, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің Баубек Бұлқышев атындағы, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

40 жылдан аса газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңып, қажырлылық пен қалам қайратын көрсете білген Ерағасы  жайлы: «Тәуелсіз ел баспасөзінің қалыптасуына ерекше еңбек сіңіріп, айтулы үлес қосқан, ардақты азамат, абзал жанның, үлкен жүректі адамның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде ұзақ сақталады», - деп жазады «Егеменқазақстандықтар».

Оценить материал
0