Көктемнің алғашқы күні елордада бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі
2739

Фото: Әкімдіктің сайтынан.
1 наурызда Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады. Шара Республика даңғылы, 34 мекен-жайы бойынша орналасқан Жастар сарайында өтетін болады. Бұл туралы астана әкімінің ресми сайты хабарлады.
Бұған дейін Объектив.kz былтыр Астанада 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғаны,елордада жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың төртінші тоқсанында 4,6 пайыз болғаны жайында хабардар еткен болатын. Жаңа ашылған жұмыс орындарын таныстыру мен жұмыссыздықты азайтуда елордада бос орындар жәрмеңкесін өткізудің маңызы зор.
Оценить материал
0
0
Поделиться
Похожие материалы