Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

Ақтөбеде «Бақытты бала-мәңгілік ел кепілі!» әлеуметтік жобасы жалғасуда

4015
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен аймақта 2018 жыл бала жылы болып жарияланды. Аталған жобаны іске асыруда Ақтөбе қаласында  «Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі!» ұранымен жыл бойы түрлі шаралар өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қолдау бағдарлама бағыттарының бірі болып қала береді.

Қазіргі таңда, Ақтөбе қаласы мен оған қарасты ауылдық округтардың 220 жетім баласына қала әкімі мен орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен  коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, ауылдық округ әкімдері, олардың орынбасарлары, маслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер демеушілік қолдау көрсетіп отыр.

Әлеуметтік жобаға қатысуға ниет білдірген жетім балалардың өміріне бей-жай қарамайтын ақтөбеліктер саны артуда. Олардың ішінде кәсіпкерлер, мемлекеттік және бюджеттік мекемелер бар. 

Осы аптада «Стройреклампроект» (директор-Баян Халетова) қаладағы орта мектептің 7 класс оқитын Рустам есімді баланың Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына ақша салумен қатар, онымен танысып, туған күнімен құттықтап, сыйлық табыс етті.

Оценить материал
0