Наверх

Погода в Астане: 22 апреля, вечер: +4° 5 м/с23 апреля, ночь: +1° 6 м/с23 апреля, утро: +4° 6 м/с23 апреля, день: +11° 6 м/с

Жақсылық жасаудан жарыс

1244
Фото: Мешіттің баспасөз қызметінен.

Бүгін қасиетті жұма. Аптаның басында басталған қатты аяз бет қаратпай тұрған кездерде көшеде,жол бойында тұрған жандарға қайырымды іс жасап, қол ұшын созғандарға апта бойғы ақпараттар легінде алғыс айтып жатқандар аз болмады.

Елордамыз Астанада жол бойын тазартып жатқан қызметкерлерге ыстық тамақ берілді. Сондай-ақ такси жүргізушілердің арасында қала тұрғындарын үйлеріне тегін жүргізушілер де болды. Мешіт қызметкерлері де жақсы қырларымен танылды. Біздің «Объектив.kz» порталында да осындай игі істерді арқау еткен бірнеше жаңалықтар топтамасы берілген болатын.

Дәл осындай қайырымдылық шаралары Қостанайдың Арқалық қаласында да жалғасын тапты, деп хабарлайды қалалық мешіттің баспасөз қызметінен.

Мұндағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің намазхандары мен дін қызметкерлері аязды күндері көше аялдамаларында жолаушыларға ыстық шай мен тәттілер ұсынып, «тегін такси» қызметімен үйлеріне жеткізіп салды. 

Осы арада аталған шараға қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өнеге көрсетті. Ол өз көлігімен көшеге шығып, нағыз адамгершіліктің үлгісін танытты. 

«Тегін такси» қызметін ұсынушы намазхандар  аурухана, орталық базар, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды халық көп жиналатын жерлерге барып, жерлестеріне тегін қызмет көрсетті.

Бүгінгі жұма күні апта бойы сақылдаған сары аязда  жүрекке жылылық ұялататын игі істерге бастамашы болып, жақсылық жасауға асыққан әрқайсыларыңызға  көпшіліктің ризашылығы шексіз екендігін жеткізгіміз келеді.

Оценить материал
0