Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Биыл Қостанайда Кәмшат Дөненбаева атындағы саябақ ашылады

1639
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

2018 жылы облыс орталығында даңқты механизатор Кәмшат Дөненбаева атындағы саябақ ашылады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, Кәмшат Дөненбаев атындағы саябақ жастар орталығы шағын ауданында ашылады. Енді барлығы қала әкімдігі мен архитекторларға байланысты. Саябақ көрікті болуы тиіс, қаржы мәселесі шешілді, деді Архимед Мұхамбетов.

Естеріңізге сала кетсек,еліміздің дамуына ерен еңбегімен ерекше үлес қосқан, даңқты механизатор, тың ардагері, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева 80 жасқа қараған шағында былтыр дүниеден озған болатын. Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында бастаған. 1961 жылдан Қостанай облысы Боровский ауданы «Харьковский» совхозында механизатор болып еңбек еткен.  

1980-1985 жылдары КСРО Жоғарығы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Екі рет Ленин орденімен, Құрмет белгісі орденімен марапатталған. 1990-1993 жылдары осы кеңшарда қауіпсіздік техникасының инженері, 1993 жылдан шаруа қожалығын басқарды. Қостанай облысының және Қостанай қаласының құрметті азаматы.

Оценить материал
0