Наверх

Погода в Астане:06 июня, вечер: +19° 3 м/с07 июня, ночь: +16° 1 м/с07 июня, утро: +21° 2 м/с07 июня, день: +26° 3 м/с

Ақтөбеде жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагері ашылады

1556
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Әсем» балаларды сауықтыру лагерінде болды. Оның жанынан жыл бойы жұмыс жасайтын балалар лагерін ашу жоспарланып отыр, деп жарияланды облыс әкімдігінің сайтында.

Балалар демалатын аймақ 13 гектар алаңда орналасқан. Мұнда табиғаттың өзі барлық жағдайды жасап қойғандай: өзен алқабы жақын, талы көп, шөбі мол шабындықтар мен құмды жағажайлар орналасқан. Жуырда лагерьдің аумағында балалардың сабақтан қол үзбей-ақ сол жерде тұрып, демалулары үшін жаңа оқу корпусын салу жұмыстары басталады.

Облыс әкімінің айтуынша «Артек» үлгісіндегі жыл бойы жұмыс жасайтын заманауи балалар лагерін ашу керек. Келешекте ол халықаралық болуы тиіс. Мұнда барлық аудандардан, Қазақстанның басқа облыстары мен көрші елдерден балалар келетін болады, - деді Б.Сапарбаев.

Өткен жылдың жазында 112 мыңнан аса ақтөбелік оқушы жазғы лагерьлерде демалды, бұл оқушылардың жалпы санының 92 пайызы. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 152 миллиондай теңге бөлінген болатын.

Облыста барлығы 11 қала сыртындағы, 384 мектеп жанындағы және 37 шатырлы лагерь жұмыс жасайды. Лагерьлерде балалардың шығармашылық тұрғыдан және тұлға ретінде толықтай дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік  құндылықтарына баулуға және сауықтыруға қажетті барлық жағдай жасалған.

Оценить материал
0