Наверх

Погода в Астане: 04 декабря, ночь: -4° 6 м/с04 декабря, утро: -5° 5 м/с04 декабря, день: -3° 4 м/с04 декабря, вечер: -2° 6 м/с

Жастар әлеуметтік желілерде #QALAIQARAISYN флешмобын бастауда

1503
Фото:
Батыс Қазақстандық «Елім менің!» жастар коалициясының мүшелері латын әліпбиіне көшуді қолдау мақсатында және қазақ әліпбиінің жаңа жобасын талқылау бойынша  #QALAIQARAISYN флешмобын бастады.  Флешмобта жастар «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде өз фотосуреттеріне есімдерін латын қаріпінде жазып #QOLDAIMIN хештегімен басқа да жастарды аталған мәселе үн қосуға шақыруда. Жастар аталған флешмоб арқылы өзге жастарға сауал тастап, латын әліпбиінің жаңа нұсқасының жобасына өз пікірлерін білдіруді мақсат етіп отыр. Флешмобқа қатысушылар өз фотосуреттерімен қатар рәміздерді, ұлттық нақыштағы суреттерді де жариялауда. «Мен осы әлеуметтік жазбамды шығару арқылы, латын қарпінде өз атымды маған ұнайтын стильде көрсетіп отырмын. Кейбіреулер «Ә» әрпін «Ae» нұсқасымен жазуды қолдаса, мен үшін «Ә»-ні «А» әрпімен жазу ыңғайлы, әрі түсінікті» - деп атап өтті Әділгерей Зұлхаров, «Елім менің» жастар коалициясының мүшесі. Осындай акция арқылы, жастар жаңа қазақ әліпбиінің нұсқасын талқылау үстінде. Бүгінгі таңда «Instagram» және «Facebook» желілерінде 50-астам осы тақырыптағы жазбалар шыққанын көруге болады. Барлық жазбаларды көрү үшін #QALAIQARAISYN хештегі арқылы өту қажет. «Елім менің» жастар коалициясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жастарды тарту мақсатында облыстың белсенді жастары мен жастар ұйымдарының біріккен алаңы.    
Оценить материал
0