Наверх

Погода в Астане: 04 декабря, ночь: -4° 6 м/с04 декабря, утро: -5° 5 м/с04 декабря, день: -3° 4 м/с04 декабря, вечер: -2° 6 м/с

Ұлттың рухани жаңғыруы-тарихын танудан басталады

1396
Фото:
Бүгін Еуразия ұлттық университетінде   «Дешті қыпшақтың ортағасырлық тарихы» атты І Халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияның мақсаты – Дешті қыпшақтың бай тарихи-мәдени мұрасын зерделеу қажеттілігі, қыпшақтардың әлемдік тарихындағы рөлі мен орнын анықтау, оның ішінде Қазақстан аумағындағы мемлекеттілікті орнату, ұлттың рухани жаңғыруы жағдайында жастарға  патриоттық тәрбие беру  аясында осы тақырыпты танымал ету. Конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Александр Гаркавец, «Бабалар ізімен» халықаралық экспедиция жетекшісі, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қоғамдық-қайырымдылық қордың Астана қаласы филиалының Президенті, Халықаралық туризм мен спорт Академиясының Академигі, «Дешті қыпшақ» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сапар Ысқақов сөз сөйлеп, арнайы баяндама жасады.Конференция барысында Дешті қыпшақ ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сапар Ысқақовтың кітабының тұсауы кесіліп,  Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Еуразия ғылыми-зерттеу орталығының  (Рим) директоры Андреа Картени және Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяғанмен  ғылыми-зерттеу жұмыстарын өзара ынтымақтастықта жүргізу жөніндегі  меморандумға қол қойды. Ал бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде басталған жиын,  ертең,14 қыркүйекте «Тілеп Қобыз Сарайында» 13 елдің өкілі  қатысуымен өз жалғасын табады. Онда қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы, қыпшақтардың өзге халықтармен этно-мәдени байланысы, өзге елдердегі сәулеттік, мәдени-тарихи мұралар арқылы өткен тарихымызды танытатын тақырыптар қозғалмақ.    
Оценить материал
0