Наверх

Погода в Астане: 04 декабря, ночь: -4° 6 м/с04 декабря, утро: -5° 5 м/с04 декабря, день: -3° 4 м/с04 декабря, вечер: -2° 6 м/с

Жаңа ғасырдағы жаңа үрдіс

3264
Фото:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен студенттері латын әліпбиіне көшу ұсынысын қолдайды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласында қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп көшу жайын айтқан болатын. ЕҰУ ғалымдары латын әліпбиіне көшу мәселесін әу бастан қолдап, бүгінде  бұл бағытта көптеген тірліктер тындырып келеді. Биылғы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын бітірсе, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындай бастайды. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп,  мамандар  әзірлемек және оқулықтар жазып шығармақ. Біздің «Объектив kz» порталына университеттің баспасөз қызметі жолдаған пікірлерді ықшамдап ұсынамыз. Нұрлан МАНСҰРОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті: Латын әліпбиіне көшу – заман сұранысы десе де болғандай. Қазіргі технологияның дамуы, әлемдік қарым-қатынастар, бүгінгі ғылымның жетістігі т.т. барлығы жазу тарихындағы өзгеріске алып келіп отыр. Бұл дер кезінде қолға алынған тірлік, нәтижелі болатынына өз басым сенімдімін.Сондай-ақ латын әріп таңбасы тек қана ХХ ғасырдың басында ғана қолданылған жоқ. Ол сонау көне мәдениетімізден орын алғандығын да атаған жөн. Оның бір көрінісі – «Кодекс Куманикус» жазбасы. Қыпшақ тілінде жазылған туынды бірнеше мәтіндер мен сөздіктерден тұрады. Латын әрпімен жазылған еңбектің сөздік құрамы негізінен түркі сөздерінен, оның ішінде қазақша сөздерден құралған. Сондықтан біз латын әліпбиін жасауда алдымен осы «Кодекс Куманикус» еңбегіне де мән бергеніміз дұрыс болар. Асхат НАЛШЫБЕК, ФТФ 4 курс студенті: Латын әліпбиіне көшу – Қазақ тілінің жаңа белеске шығуы! Арайлым РАТЖАН, ФТФ 3 курс студенті: Латын әлібиіне көшу – Отандық ғылымның халықаралық деңгейде дамуы! Қалшора ЕСПЕНБЕТ, КЭФ 4 курс студенті: Латын әліпбиіне көшу – Ел имиджінің артуы! Ерасыл АБЫКЕНОВ, ФТФ 3 курс студенті: Латын әліпбиіне көшу – Технологияның жаңғыруы, Ана тілінің тазаруы! Мөлдір КӨШІМБАЕВА, АТФ 3 курс студенті: Латын әліпбиіне көшу – Жаңа заман талабына сай болу!    
Оценить материал
0