Наверх

Погода в Астане: 04 декабря, ночь: -4° 6 м/с04 декабря, утро: -5° 5 м/с04 декабря, день: -3° 4 м/с04 декабря, вечер: -2° 6 м/с

Астананың қоғам қайраткерлері Елбасы бастамасын қолдауға шақырды

1286
Фото:
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшевтың төрағалығымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды. Отырыс соңында Астананың қоғам қайраткерлері Елбасы бастамасын қолдауға шақырды. Біздің «Объектив.kz» порталына ақын,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Тұрғынбек өз пікірімен бөлісті: - Елбасымыздың  латын қарпіне көшу бастамасын өз басым қолдаймын.Осы мәселе бойынша өткен  Парламенттегі тыңдауға да қатыстым.Маған мемлекеттік қызметкерлерден бастап,ғалымдарымыздың,жастарымыздың оған бейжай қарамай,құлшына кіріскені қуантты. Ұлтымызды ұйыстырып,өркениетке бастайтын бұл мәселе қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр.Көкейдегі күдікті үмітке алмастыру,басталған дүниені алға бастыру парыз. Біздер үшін бұл латынға көшу жаңалық емес,өткен ғасырдың 20-жылдары латынша жазу болған, оған алаш арыстары өз үлестерін қосқан. Бізден бұрын тәуелсіздік ала сала латынға көшкен көршілес елдер бар,олардың кемшіліктерін қайталамай,жетістіктерін саралап алып, біз ұлттық үрдіс ретінде үлгі көрсетуіміз керек. Дәл қазір осы мәселені сөзбұйдалыққа салып созбақтаудың қажеті жоқ.Жас ұрпақты нағыз тәуелсіз елдің иесі етіп тәрбиелеу,әлемдегі бар қазақты ұйыстыратын фактор ретінде қарастырып отырғанымызды ескерсек,латынға көшу –кезек күттірмейтін мәселе деп санаймын.
Оценить материал
0