Наверх

Погода в Астане: 15 мая, день: +31° 6 м/с15 мая, вечер: +24° 5 м/с16 мая, ночь: +19° 5 м/с16 мая, утро: +24° 5 м/с

Қарағандылық оқушылар кәсіпкерлікке оқытыла бастады

1185
Фото: atameken.kz.

Қарағандылық оқушыларды кәсіпкерлікке оқыта бастады. Сынып сағаттарында балаларға қаржылық сауаттылық туралы айтылады. Жоғары сынып оқушыларын бизнес негіздеріне үйретеді, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайтында.

«Мектеп кәсіпкерлігі» бағдарламасын «Атамекен» ҰКП іске қосты. Сонымен қатар «Табысқа жол» кәсіби бағдарлы жоба жүзеге асырылуда.
Өздерінің кәсіпкерліктегі машықтарын Қарағанды мектептерінің оқушылары «Өз ісіңді баста және дамыт» іскерлік ойын ретінде көрсетті. Оны аймақтық Кәсіпкерлер палатасы мен ҚЭУҚ бизнес экономика, бизнес және құқық колледжі ұйымдастырды.

Жеңімпаздарды тапқан табыс көлеміне қарай анықтады. Нәтижесінде бірінші орынды №63 ЖББОМ командасы ұтты. Екінші орын №83 ЖББОМ, үшінші орында - №45 гимназия.
Оқушылардың кәсіпкерлікке деген ынтасы мен жетістіктерін көрсете білуге басқа да мүмкіндіктер бар. Қарағандыда №101 мектеп-лицейінде бизнес-жәрмеңке ұйымдастырылды, онда әрбір қатысушы өз жобаларын таныстырды. Сонан соң олар Кәсіпкерлер палатасының бас кеңсесіне экскурсия жасап,  өз ісіңді бастағанда қандай қолдау алуға болатынын білді.

Оценить материал
0