Наверх

Погода в Астане: 22 апреля, вечер: +4° 5 м/с23 апреля, ночь: +1° 6 м/с23 апреля, утро: +4° 6 м/с23 апреля, день: +11° 6 м/с

Ядролық технологиялар жетістіктерін пайдалану жайлы семинар өткізілді

997
Фото: Университеттің баспасөз қызметінен.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Ядролық технологиялар: ядролық энергетиканың әлемдік энергетикалық теңгерімдегі рөлі, ядролық технологияларды энергетикалық емес мақсатта пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шара Ресей мен Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. Семинар ұйымдастырушылары – Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті.

Семинар барысында атомдық энергетиканың маңызды рөл атқаратындығы,  атомдық (радиациялық) технологияларды қолдану мүмкіндіктері әлдеқайда кең екендігі айтып өтілді.Тропикалық жемістер, автомобиль шиналары, ұялы телефондардағы чиптер, бағалы тастар және тағы да басқа өнімдердің радиациялық технологияларының көмегімен өңделетінін біле бермейді.

Семинар спикерлері  ядролық медицина жетістіктерін пайдалана отырып онкологиялық ауруларды қалай жеңуге болатындығы, ядролық технологиялардың агрария саласында өнімділікті арттыру үшін қолданылатындығы, қаптаманың ішіндегі материалдарды стерилизациялау жолдары  жайында ой бөлісті.

Оценить материал
0