Наверх

Погода в Астане: 19 мая, вечер: +15° 9 м/с20 мая, ночь: +10° 5 м/с20 мая, утро: +13° 9 м/с20 мая, день: +17° 11 м/с

2019 жылдан бастап мектептегі жаратылыстану пәндерінің екеуін ағылшын тілінде өту жоспарланған

1246
Фото: Оrtcom.kz сайтынан.

«Химия», «Физика», «Информатика», «Биология» жаратылыстану циклі 4 пәнінің екеуін жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту 2019 жылға жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату курстарынан өтуге қатысты баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ortcom.kz сайты.

Баспасөз конференциясына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова, Назарбаев университетінің Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Кадиша Даирова, Назарбаев Университетінің Білім көшбасшылығы орталығының Білім беру істері жөніндегі директор орынбасары Асель Мухаметжанова және Білім көшбасшылығы орталығының Білімдік және кәсіптік бағдарламалар департаментінің басшысы Лаура Қарабасова қатысты.

«НБО-да 4 пән бойынша барлығы 31928 мұғалім бар. Оның 62%-ы ауыл мұғалімдері, қала бойынша – 38%. 2 жыл ішінде республикалық бюджет есебінен 12179 мұғалім тіл курстарынан өтті. Оның 750-і 2016 жылы оқытылса, биыл 11429-ы тіл курстарынан өтті. Яғни жалпы 40%-ын қамтыды», – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова.

Оценить материал
0