Наверх

Погода в Астане:29 мая, ночь: +19° 4 м/с29 мая, утро: +21° 4 м/с29 мая, день: +23° 5 м/с29 мая, вечер: +20° 4 м/с

«Астана Операның» жетекші солистері «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығымен марапатталды

1165
Фото: Театрдың баспасөз қызметі.

Халықаралық театр күнін мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматыдағы М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Объектив.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты Сүндет Байғожин «Үздік опера солисі» аталымында лауреат атанса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет пен өнер саласындағы лауреаты, «Рим сыйлығы» Халықаралық балет әртістері байқауының ІІ жүлде лауреаты Мәдина Басбаева «Үздік балет әртісі» атағына ие болды.

Дәстүрлі мереке кезінде «Сахнагер» сыйлығы театр саласындағы шығармашылық жетістіктері үшін табыс етіледі. «Астана Операның» жетекші солистері Сүндет Байғожин мен Мәдина Басбаева «Қазақстан театрлары ассоциациясының» жас дарындарды қолдаудағы маңыздылығына тоқталып,өз тараптарынан ризашылықтарын білдірді.

««Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының арқасында елімізде театр дәстүрлері нығаюда. Опера, балет, драмалық өнердің мемлекеттік деңгейде қолдау тауып жатқаны қандай керемет. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ел дамуындағы мәдениет пен өнердің алар орнына ерекше мән беруде. Бүгінде ұлттық мақтанышымыз деп нық сеніммен айта алатын «Астана Опера» театры үшін Елбасымызға алғыс білдіреміз», - деді Мәдина Басбаева.

«Сахнагер» ұлттық театр сыйлығын 2017 жылы Қазақстан театрлары ассоциациясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қолдауымен құрған болатын.

Оценить материал
0