Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

«Шашу» халықаралық өнер фестивалі басталды

2489
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Фестивальдің делегаттар қатарында Қазақстан, Ресей, Қырғызстанның шығармашылық ұжымдары бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

800-ден аса жас өнерпаздар вокал, хореография, аспапты жанр мен халық әндері бойынша жарысады. Әділқазылар құрамына ҚР танымал өнер қайраткерлері мен құрметті Мәдениет қызметкерлері, отандық эстрада жұлдыздары шақырылды. 

Фестивалдің ашылуы  М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында болып өтті. Бірінші болып «хореография» жанры бойынша жас таланттар өнерін паш етті. Әрі қарай шығармашылық эстафетаны «вокал аспаптық жанры мен халық әндері» бойынша 28 наурызда жалғастырады. Конкурстың қорытындысындағы гала-концерттен кейін  жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып өтеді.

Іс-шараны Астана қалалық білім басқармасы мен М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы мен «ART-ШАШУ» ҚҚ ұйымдастырды. 

Оценить материал
0