Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Атамекенге алғыс айту әуені

2982
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

Көктемнің алғашқы күні – 1 наурызда сағат 19.00 де  «Астана Операда» Алғыс айту күніне арналған «Жүректен кіріп бойды алар» атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Объектив.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Осы концерт арқылы біз отандастарымызды барлық қазақстандықтар үшін маңызды болып табылатын Алғыс айту күнімен құттықтағымыз келеді. Бұл мереке Отанымыздың кең-байтақ даласын мекендеген барлық этносты одан әрі жақындастыра түседі. Алғыс айту күні – ұлы отаншылдық, достық, мәдениеттер сан алуандығының күні. Бүгін әрбіреуімізді еліміз үшін ерекше мақтаныш сезімі кернейді, - деді орындаушылар.

Бұл кеште керемет аспапшылар, халықаралық конкурстардың лауреаттары - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асқар Дүйсенбаев, Мәдина Бекмәдиева (скрипка), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамир Сұлтанов (баян), Анатолий Якушкин (контрабас), Әліби Асақаев (гитара), Дана Дүйсенбаева (фортепиано) сахнаға шығады.  

«Астана Операда» осы салтанатты күнге орай халыққа қазақ және батыс еуропалық классика жауһарларынан тұратын қанық концерттік бағдарлама ұсынылады. Оның ішінде ұлы қазақ халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының ансамбльге арналып өңделген «Сарыарқа» және «Төремұрат» күйлері бар.

К. Сен-Санстың «Интродукция және рондо-каприччиозо» атты кеңінен таралған пьесасы скрипкалық асқан шеберлік мүмкіндіктерін барынша түсініп жазылған, ал оның формасы табиғи әрі көрнекі болып табылады. Тыңдармандарға француз композиторының «Хаванез» атты тағы бір шығармашылық үлгісі ұсынылады.

Эрнест Шоссонның ең жарқын әрі қомақты туындыларының бірі – қазіргі таңда да айтулы халықаралық алаңдарда жиі орындалып жүрген, скрипкаға арналған Поэмасы болып табылады. Сондай-ақ танымалдылығы кем түспейтін П. Чайковскийдің «Толғану», ор. 42, № 1, Ф. Крейслердің «Махаббат қуанышы», «Махаббат азабы», «Әсем розмарин» т.б. шырқалады.

Оценить материал
0