Наверх

Погода в Астане: 08 апреля, ночь: -3° 12 м/с08 апреля, утро: -3° 10 м/с08 апреля, день: +3° 10 м/с08 апреля, вечер: -3° 5 м/с

Астананың 20-жылдығы аясында өтетін мәдени шаралар

1252
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұған дейін Объектив. kz  тілшісі  ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында елорданың 20 жылдығына орай өткізілетін айтулы шаралары жайлы айтқан мәліметтерімен таныстырған болатын. Бүгін біз мерейтой аясында ұйымдастырылатын министрлік жариялаған мәдени шараларға толығырақ тоқталмақпыз.

- Арнайы кесте бойынша 175 республикалық және халықаралық шара өткізу жоспарланған,- дейді Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан.

Оның айтуынша, маусымнан  Этноуыл ұлттық-мәдени кешені өз жұмысын қайта бастап, онда «Алпамыс», «Школа трапеции» сияқты театр мен цирк шоулары  өткізілмек. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мерейтой аясында «Астаналар шеруі» атты ауқымды халықаралық жоба ұйымдастырылады. «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық операсымен бірлесе отырып, Дж. Пуччинидің «Турандот» операсын қойса, «AstanaMusical» театры аңызға айналған «NotreDamedeParis» музыкалық шығармасын саxналамақ.

Астананың 20-жылдығы аясында өтетін айтулы шаралардың бірі - «ShineAstana» («Жарқыраған Астана») оркестрінің премьерасы.

Мерейтой аясында «Еуразиялық би фестивалі» атты II Халықаралық балет фестивалі, «Астана» II Дүниежүзілік театр фестивалі, «Астана - Бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалі, «Voice of Astana» атты тұңғыш эстрадалық әндер фестивалі, «The Spirit of the Dance» халықаралық фестивалі, «NomadWay», «AstanaAzilStarsFest» және «Бауыржан Fest» әзіл-сықақ жанры, «Астана 2018 - Еуразия оқу корпусы» фестивалі, Дүниежүзілік оқу конгресі, «Астанадағы 20 әлемдік кітапхананың» деректі және сирек коллекцияларының көрмесі, Балалар жазушыларының форумы және тағы басқа шараларды тамашалауға болады.

«Бала дауысы»  ұлттық байқауы өткізіліп, алғаш рет ашық аспан астында «Біржан-Сара» операсы  саxналанады. «Қозы Қөрпеш - Баян сұлу», «Сибирский цирюльник», «Евгений Онегин» және тағы басқа балеттердің премьерасы қойылады. Сондай-ақ, сәулетшілердің Халықаралық конгресін өткізу жоспарланған. Спорттық шаралардың ішінде Әлем Барысы, Ұлы Дала аламаны, ҚР Президентінің Кубогы үшін теннис турнирі, аралас жекпе-жек жарыстары өткізіледі.

Оценить материал
0