Наверх

Погода в Астане: 30 марта, день: +2° 6 м/с30 марта, вечер: -3° 4 м/с31 марта, ночь: -5° 4 м/с31 марта, утро: -4° 5 м/с

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты ұсынған 12-18 ақпан аралығында елордада өтетін мәдени шаралар жоспары

2519
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

12-18 ақпан аралығында елорданың Тәуелсіздік сарайында Жанна Спунердің «Кеңістіктегі қозғалыс» атты жеке көрмесін, «Тәуелсіздік белгісі – Астана», «Менің Астанам», «Талантқа тағзым» көрмелерін, «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қазақстандық суретшілердің шығармалары» атты көрмені, «Ой-толғау» атты көркем кескіндеме көрмесін тамашалауға болады.

 «Жастар» сарайында 12-18 ақпан аралығында келушілердің назарына «Мир вкусного меда» көрмесі ұсынылады. Көрме сағат 10:00-ден жұмыс істей бастайды.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

12-18 ақпан аралығында өнерсүйер қауым үшін А. Дударевтің «Кеш» драмасын, Қ. Жүнісовтің «Сәкен сұңқар» тарихи драмасын, М. Әуезовтың «Абай» драмасын, Ұ. Есдаулеттің «Зере» драмасын, Т. Теменовтың ««Аққудың көз жасы» драмасын, Р. Мұқанованың «Сарра» драмасын  сахналайтын болады.

М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрермен үшін А. Пушкиннің «Евгений Онегин» қойылымын, Б. Жандарбековтің «Томирис – царица сакская» эпикалық драмасын, Л. Никитинаның «Приключения Незнайки и его друзей» ертегісін, А. Яблонскаяның «Язычники» драмасын, В. Трегубенконың «Домик для царя зверей» ертегісін, К. Людвигтің «Примадонны» комедиясын дайындаған.

«Астана» концерт залында Симфониялық оркестр, камералық хор және классикалық вокал орындаушыларының қатысуымен Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» атты концерті, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының қатысуымен композитор Алтынбай Сейтқасымның «Туған ауыл оттары» шығармашылық кеші, Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартетінің камералық музыка кеші өтеді.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында осы аптада бірқатар концерт өтіп, көрермендер назарына Дж. Верди «Травиата» операсы ұсынылмақ.

15 ақпанда Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Әзіл әлемі» концерті, Астаналық циркте 17, 18 ақпанда «Парад зверей на острове пингвинов» бағдарламасы өтеді .

Оценить материал
0