Наверх

Погода в Астане:03 июня, ночь: +10° 3 м/с03 июня, утро: +14° 3 м/с03 июня, день: +17° 3 м/с03 июня, вечер: +15° 3 м/с

Әлібек Асқаровтың жаңа кітаптарының тұсаукесері

1469
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бүгін сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері Әлібек Асқаровтың жаңа кітаптарының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды кітапхананың баспасөз қызметінен.

«Фолиант» баспасынан жарық көрген бұл дестелер  «Көккөл», «Аспантау», «Шанағаты», «Шабанбай», «Қазығұрт», «Мұзтау» деп аталатын  бірнеше кітаптан тұрады.

«Көккөл немесе Қарлы асуда қалған ауыл» атты кітапта жылдар жылымы ел есінен ұмыттырған,  Кенді Алтайдың кермек тағдырындай болған, адам аяғы сирек түсетін тау басындағы Көккөл кеніші жайында баяндайды.

Ал «Шабанбай» кітабында жазушы сонау замандарда жергілікті қазақтардан күшпен тартып алып, ақ патшаның жеке иелігіне өтіп  кеткен, ата-бабамыздың күншілікке созылаған шұрайлы өңірі жайында шабыттана жазады.

Шанағаты» атты кітапта еліміздің ең суық нүктесі саналатын Марқакөл өңіріндегі елді мекен туралы әңгіме болады. «Қазығұрт» атты кітапта адамзат баласы ғасырлар бойы талқылап келе жатқан Топансу тарихнамасы жөнінде баяндалады.

«Аспантау немесе Альпинизм ақиқаты» кітабы  – жазушының бір топ достарымен Хантәңірі тауына сапарынан туған ой-толғамдары. Мұнда Қазақстандағы альпинизмінің дамуы Хантәңірі шыңының игерілуімен сабақтастырыла отырып, осы саладағы саңлақ спортшылардың жетістіктерімен таныстырады.

Аталып өткен кітаптар «Қазақ жерінің құпия сырлары» атты сериямен жарық көрген.

«Қайырымды Үміт мүйісі немесе Жер шетіне саяхат» аталатын кітап-альбом «Өлке» баспасынан «Жұмыр жердің жұмбағы» деген айдармен шыққан.  

Көпшілік оқырманды эстетикалық ләззатқа бөлеп қана қоймай, көптеген тың мағлұматпен байытатын бұл кітаптарды оқырман олжасы деуге әбден лайық. Шағын да болса кітаптардың әрбірі танымдық, тағылымдық көркем дүниелер.

Оценить материал
0