Наверх

Погода в Астане: 04 декабря, ночь: -21° 3 м/с04 декабря, утро: -20° 4 м/с04 декабря, день: -15° 4 м/с04 декабря, вечер: -15° 3 м/с

Астанада француздық импрессионизм музыкасы шырқалады

1996
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

«L’Impression» импрессионизм үлгісіндегі француз музыкасының кешін Қазақстан Республикасының «Форте-трио» мемлекеттік триосы ұсынады.

9 ақпан күні «Астана Операның» Камералық залы сахнасында премьера өтеді – танымал ұжым алғаш рет Морис Равельдің фортепиано, скрипка және виолончельге арналған атақты триосын орындайды, деп хабарлайды Объектив.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Форте-трио» мемлекеттік триосы қазақстандық өнерді әлемнің ең мәртебелі сахналарында тұрақты түрде таныстырып, көптеген халықаралық музыкалық фестивальдерге қатысып жүр. Шығармашылық ұжымның көркемдік жетекшісі – танымал пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев. Сондай-ақ ансамль құрамында – халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақстанның Мемлекеттік симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы Еркебұлан Сапарбаев, виолончелист Мұрат Нарбеков бар.

Алдағы премьерамен қатар, осы кеште музыкалық импрессионизм бағытының негізін салушы К.Дебюссидің фортепианолық соль мажор триосы шырқалады. Ұлы композиторлар Клод Дебюсси мен Морис Равельдің керемет шығармалары – импрессионизм үлгісінде жазылған барынша маңызды трио. Ерекше жарқын кереғарлықтың арқасында олар концерттік бағдарлама үшін мінсіз үйлесім болып табылады.

Сонымен қатар тыңдаушылар назарына «Мәңгілік қозғалыс» – М.Равельдің скрипка мен фортепианоға арналған сонатасының үшінші бөлігі, К.Дебюссидің кіріспесі, Г.Форенің виолончель мен фортепианоға арналған элегиясы ұсынылады. Француз импрессионист-суретшілерінің картиналары концерттің көркін аша түседі.

Оценить материал
0