Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, ночь: +2° 4 м/с14 апреля, утро: +6° 5 м/с14 апреля, день: +17° 6 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с

Астананың 20 жылдығына арналған айтулы шаралар

1405
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

«Астананың 20 жылдығы — әлемнің 20 астанасы» халықаралық астаналар шеруі ұйымдастырылады.  

Астана опера театры Пекин ұлттық опера театрымен бірлесіп «Турандот» операсы арқылы көпшілік назарына еуразиялық аймаққа тікелей қатысы бар тарихи кезеңді паш етеді, — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы. 

Әлем жұлдыздары қатысатын «Voice of Astana» халықаралық эстрадалық ән фестивалі де осы айтулы мерекенің көркін аша түспек.

Ұлыбритания, Испания, Италия, Ресей, Франция елдерінен келген өнерпаздардың қатысумен ІІ бүкіләлемдік театр фестивалі, XIV «Еуразия» халықаралық кинофестивалі, халықаралық хор, би, суретшілер, балалар фестивальдері өтеді. 

А. Мұхамедиұлының айтуынша, әйгілі ұжымдар арнайы демеушілер қаражаты есебінен шақырылатынын жеткізді. Олар: Нью-Йорк балеті, Вашингтон симфониялық оркестрі т.с.с. Елорданың елеулі мерекесі аясында Канн халықаралық фестивалінде қазақ киносы күні өтіп, әлем жұртшылығының назарына ұлттық өнер жақұттары ұсынылады.

«Денис Тен мен оның достары» шоуы мен «Әлем барысы» турниріне де оза шапқан әлем дүлдүлдері қатысады деп жоспарланған. Астананың 20 жылдығына 80-нен астам  айтулы шаралар өткізілмек.

Дереккөз:primeminister.kz

Оценить материал
0