Наверх

Погода в Астане:03 июня, ночь: +10° 3 м/с03 июня, утро: +14° 3 м/с03 июня, день: +17° 3 м/с03 июня, вечер: +15° 3 м/с

Әйгілі балетмейстердің шеберлік сабағы

1069
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

«Астана Операда» 16-27 қаңтар күндері әлем бойынша талап етілетін француз педагог-балетмейстері Янник Бокуинның бірегей әдістемесі бойынша сабақтары өтіп жатыр, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметінен.

Янник Бокуин әлемнің ең ірі театрларында шеберлік сабақтарын өткізеді, олардың қатарында Корольдік швед балеті, Дрезден мемлекеттік операсы (Германия), Фин ұлттық балеті, Лозаннадағы Бежар балеті (Швейцария), Монте-Карло балеті, Хьюстон балеті (АҚШ), Гонконг балеті, Ресейдің Үлкен театры т.б. бар.

Янник Бокуин әдісі бойынша сабақтарға француз мектебінің үлгісінен қарағанда көп бағыт-бағдарлар енеді. Еңбек жолында әртүрлі педагогтармен жұмыс жасап, сонымен қатар түрлі жарақаттарынан жеке оңалту қажеттігіне тап болған Янник Бокуин қол жеткізген тәжірибесін өзінің шеберлік сабақтарында сәтті қолдануда.

- Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын, «Астана Операдағы» жұмыс – мен үшін жаңа, қызықты тәжірибе. Мен балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратовадан шақырту алдым.

«Астана Опера» балет солистерінің дайындығы жақсы, жоғары әрі мықты секіреді, оның үстіне – ең бастысы – олар ашық, зерек, өздеріне жаңа болып табылатын әдістемемен құлшына жұмыс жасауда. Нәтижеге қол жеткізу үшін әртістер барын салуда және олардың қолдарынан бәрі де келеді, - деді Янник Бокуин.

Айтулы балетмейстер Қазақстанның елордасы мен «Астана Опера» театры туралы жоғары баға беріп, өз ойын  білдірді.

Оценить материал
0