Наверх

Погода в Астане: 19 мая, вечер: +15° 9 м/с20 мая, ночь: +10° 5 м/с20 мая, утро: +13° 9 м/с20 мая, день: +17° 11 м/с

Америкада тұратын қазақстандық скрипкашы Астанада өнер көрсетпек

1276
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

«Астана Опера» камералық-симфониялық оркестрі мен солист Ордабек Дүйсен (скрипка, АҚШ) «Мәңгі өшпес музыка» атты концерт ұсынбақ. 28 желтоқсан күні театрдың Камералық залында дарынды скрипкашы Ілияс Дүйсен дирижер ретінде алғаш рет өнер көрсететін болады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметінен.

Белгілі қазақстандық скрипкашы Ордабек Дүйсен - «Даллас Опера» (АҚШ) симфониялық оркестрінің концертмейстері, Колима қаласындағы (Мексика) Өнер университетінің Құрметті әртісі және шақырылған профессоры, Форт Уорт қаласындағы (АҚШ) симфониялық оркестрдің әртісі, Грацтағы (Австрия) AIMS фестивалінің бас концертмейстері.

Музыканттың шығармашылығы көптеген марапаттармен аталып өткен, ол - республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Профессорлар Раиса және Айман Мұсақожаевалардың сыныбында Қазақ ұлттық музыка академиясын, профессор Эдуард Шмидердің сыныбында Техас штатындағы (АҚШ) Даллас университетінің аспирантурасы мен магистратурасын тамамдаған. Ордабек Дүйсен Еуропа, Азия және Америка елдерінде үлкен жетістікпен өнер көрсетті.

Ордабек пен Ілияс Дүйсен – музыкалық әулетті абыроймен жалғастырып келеді, олардың әкесі – күйші-домбырашы, анасы мен апасы – пианистер.

- Осы кеште алғаш рет Й. Гайднның соль мажор оркестрмен скрипкаға арналған концертін орындаймын. Бұл концерттің мен үшін тағы бір ерекшелігі – туған ініммен бірге ойнайтын боламын, дейді Ордабек Дүйсен.

Оценить материал
0