Наверх

Погода в Астане:31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с

Тарихқа тағзым: Студенттер қойған «Соңғы хан» (видео)

1514
Фото: Университеттің баспасөз қызметінен.

Астана қаласындағы КазГЮУ Университетінде тәуелсіздік мерекесіне орай, «Соңғы хан» атты студенттердің Қазақстан тарихынан білім бекіту сахналық қойылымы өтті.

Мерекелік шараны тамашалауға  Ислам Иран Республикасының елшісі және елшілік қызметкерлері, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің студенттері мен оқытушылары, Қазақ-Түрік лицейі, Нұр-Орда мектеп-лицей оқушыларылары мен ұстаздары келіп, қатысты.

Қойылымға  КазГЮУ Университетінің 1 курс құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық мамандығынан - 126 студент қатысты.

Рольдерді - Кенесары сұлтан, хан (1841-1847 жж.) Рысбай Жәнібек, Күнімжан: Елеусі нова Мәрмәр сомдаса,сол кездегі тарихи оқиғаларды көрерменнің көз алдына өнермен жеткізуге студенттер ат салысты.

Сондай-ақ, қойылымға қажетті дыбыстық аудио-видео монтаж (Оразов Шынтас, Елубай Серікбол және жарық беру Смағұлов Жалғас, қосымша эффектілерді беру Тоқтарбай Дәуір, қойылым барысы фото-видео түсірілімі Ашжанова Каринаның  жауапкершіліктерінде болды. Шараны ұйымдастырушы тарих ғылымдарының кандидаты Изатхан Медешованың айтуынша, студенттер барлық шығармашылық жұмысты тарихи мәліметтерді меңгере отырып, өздері сахналап шықты. Көп уақыт, күш жұмсалды, бірақ студенттер өздері белсене араласқан шығармашылық, әрі білім бекіту мүмкіндігі болды,- дейді ол.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған студенттердің өз ізденістерімен қойылған «Соңғы хан» шараға келушілердің көңілінен шықты.

ВИДЕО.

Оценить материал
0