Наверх

Погода в Астане: 26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с26 мая, вечер: +23° 9 м/с

«Рух» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

1440
Фото: Министрліктің баспасөз қызметінен.

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсеткен байқау Қазақстанның мәдени өмірінде маңызды оқиға ретінде назар аудартқаны анық. Шығармашылық аламан қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде танытуға және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді ілгерілетуге ықпал етпек. Әдеби бәсекеде жасы мен кәсібіне қарамастан, әдебиет майталмандарымен бірге, жас ақын-жазушылар да күш сынады.

Әр аталымның 1-орын иегері дипломмен марапатталады және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық иеленеді.

Әр аталымның Гран-при иегері дипломмен марапатталады және 2 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады.

«Байқау жұмыстарын іріктеуде шығармалардың әдеби көркемдігіне басымдық бердік. Таңдау жасаудың қиынға соққанын бірден айта кеткет жөн. Байқауға келіп түскен лайықты туындылар аз болмады. Тағы да қайталаймын, барлық бақ сынаушыларды тек ұсынған еңбегінің сапасына қарап бағаладық. Қазылар алқасының мүшелері өз міндеттерін әділ әрі бейтарап атқарды», - деді қазылар алқасының төрағасы, белгілі отандық жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдікұлы.

Қазылар алқасының құрамында ел ішінде беделді 19 ақын-жазушы, әдебиет сыншыcы мен әдебиеттанушы қызу жұмыс істеді.

Қазылар алқасы келесі тараптарды үздік деп таныды:

 

Проза: роман, повесть аталымында

1-орын– Ырысбек Дәбейұлы, Алматы қ.

Гран-при - Тынымбай Нұрмағамбетов, Алматы қ.

 

Проза: әңгіме, эссе аталымында

1-орын- Ұларбек Нұрғалым, Астана қ.

Гран-при - Несіпбек Дәутайұлы, Жамбыл обл.

 

Поэзия: поэма аталымында

1-орын– Несіпбек Айтұлы, Астана қ.

Гран-при - Бақыт Беделхан, Алматы қ.

 

Поэзия: өлеңдер жинағы  аталымында

1-орын – Рауза Хузахметова, РФ, Татарстан респ.

Гран-при - Ықылас Ожайұлы,Астана қ.

 

Үздік драматургия аталымында

1-орын – Ардақ Нұрғазы, Алматы қ.

Гран-при -Серік Асылбекұлы, Алматы қ.

 

Әдеби сын аталымында

1-орын –Бекзат Смадияр, Алматы қ.

Гран-при -Амангелді Кеңшілікұлы, Астана қ.

 

Балаларға арналған поэзия аталымында

1-орын –Құл-Керім Елемес, Алматы қ.

Гран-при– Серікбол Хасан,  Алматы қ.

 

Балаларпрозасы аталымында 

1-орын – Лиля Калаус, Алматы қ.

           Гран-при– Айсұлу Алмаш,Астана қ.

 

2018 жылы 16 дарабоздың туындылары жекелей кітаптар түрінде арнайы басылып шығару жоспарланып отырған байқауға ел ішінен бөлек, алыс-жақын шетелдегі ақын-жазушылар, драматургтер мен әдебиет сыншылары қызығушылық танытқан. Қазақстандық шығармашылық қауым өкілдерінен басқа, бәйгеде Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Моңғолия, Ресей, Түркия және Украина елдерінің авторлары бақ сынады. Сондықтан, енді, «Рух» байқауы дәстүрлі сипатта өткізіліп отыратыны ұйғарылды.  

Жанрлар бойынша, І «Рух» халықаралық әдеби байқауының қоржынына қазақ тілінде 11 роман, 17 повесть, 86 әңгіме, 26 эссе, 28 поэма, 108 өлеңдер топтамасы, 27 драма, 35 әдеби сын, балаларға арналған 38 прозалық және 27 поэзиялық шығарма түсті. Ал орыс тілінде 27 роман, 26 повесть, 128 әңгіме, 31 эссе, 18 поэма, 128 өлеңдер топтамасы, 29 драма, 7 әдеби сын, 64 балалар прозасы және 35 балалар поэзиясы еңбектері бәйгеге қосылды. Ағылшын тілінде 2 әңгіме және 1 әдеби сын жолданған.

Оценить материал
0