Голливуд Қазақстанда

Қазақстан Голливуд фильмдері үшін түсіру алаңына айналуы мүмкін. Бұл туралы министрліктің сайтында жарияланды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жетекші Голливуд кинокомпанияларының продюсерлерімен ортақ жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстандық мәдениет ведомствосы басшысымен кездесуге әлемдік киноөндірушілердің танымал продюсерлері – М. Хью (The Walt Disney Company), Л. Ульман (NBC Universal), Г. Ли (CBS), В. Мендоза (Paramount Pictures Corporation), М. Валбрехт (Warner Bros.), Д. Рой (HBO) жиналды.
Қазақстан тарапынан сондай-ақ, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов және Кинематографиялық өнер мен ғылым академиясының президенті Айман Мұсақожаева қатысты. Бұл Қазақстанның мәдениет саласындағы уәкілетті орган басшылығының әлемнің озық кинокомпанияларымен алғашқы кездесуі.
Қазақстандық сыншылардың пікірінше, танымал Голливуд компаниясы басшылығымен кездесудің өзі сәттілік. Әлемнің ірі кинокомпанияларымен ынтымақтастық қазақстандық киноөндіріске әлемдік деңгейге шығып, елімізге инвестициялар мен шетелдік туристердің жаңа ағынын қамтамасыз етпек.
Министрдің айтуынша, әлемдік деңгейдегі кинокомпаниялардың өкілдерін қазақстандық тараптың ұсыныстары қызықтырып отыр. Осы орайда нақты қадамдарға да қол жеткізілді.
Басты факторлардың бірі - Қазақстандағы киноиндустрия дамуының барлық қыр-сырларын қамтитын «Кино туралы заңның» қабылдануы болмақ.