Наверх

Погода в Астане:03 июня, ночь: +10° 3 м/с03 июня, утро: +14° 3 м/с03 июня, день: +17° 3 м/с03 июня, вечер: +15° 3 м/с

Жас ақындар айтысының жеңімпазы анықталды

1143
Фото: Әкімдіктің сайтынан..

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күні мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жас ақындар айтысы өткізілген болатын.

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының мұрындық болуымен өткен жас ақындар айтысына еліміздің Алматы, Арқалық, Семей, Қызылорда, Павлодар, Шымкент қалалары мен Торғай, Шығыс Қазақстан өңірінен 9 айтыскер қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиаорталығы хабарлады.

Ақындардың аталы сөзі Тәуелсіздік, Алаш, Рухани жаңғыру, туған жер, тіл тақырыптарына арқау болды.

«Бұл жас ақындар айтысы сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығына да арналып отыр. Ақындар Тәуелсіздігімізді, Астана қаласының кешегісі мен бүгінін, болашағын, әлемнің өзге де астаналарымен терезесінің тендігін жырлады», -  деп атап өтті Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Кышкашбаев.

Қазылар алқасының шешімімен І орын Тоба Өтепбаевқа (Арқалық), ІІ орын Аян Ниязбекке (ОҚО), ІІІ орын Нұрқанат Қайратқа (Павлодар облысы) берілді. Ал Айбар Рағатов (Қостанай облысы) болса арнайы жүлде иегері атанды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Оценить материал
0