Наверх

Погода в Астане:03 июня, ночь: +10° 3 м/с03 июня, утро: +14° 3 м/с03 июня, день: +17° 3 м/с03 июня, вечер: +15° 3 м/с

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтуде

1332
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 19-23 қараша аралығында  Лос-Анжелес қаласында (АҚШ) Қазақстан  мәдениеті мен киносының күндері өтуде. Онда әр жылдардағы Қазақстан кинематографының ең үздік туындылары ұсынылып, жетекші өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт беріледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында жарияланды.

Шара Қазақстан Республикасының  АҚШ-тағы елшілігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан кинематографиялық өнері мен ғылымдары академиясымен бірлесіп өткізілуде.

«Spirit of the Great Steppe» аталатын бұл шараның басты мақсаты – америкалық  көрермендерді Қазақстанның бай ұлттық - мәдени мұрасымен таныстыру.

Аталған шараға  Қазақстанның  АҚШ-тағы елшісі - Ержан Қазыханов, Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрі - Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан кинематографиялық өнері мен ғылымдары академиясының президенті – Айман Мұсақожаева және мәдениет пен  кинематографтың өзге де белді қайраткерлері қатысады.

– Қазақстан Республикасының мәдениеті мен киносының күндерін АҚШ-та өткізу америкалықтардың қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Сонымен қоса, Қазақстан мен Американың мәдени байланысының жаңа кезеңі болмақ, -  деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

АҚШ-та Қазақстан Республикасының мәдениеті мен киносының күндері     бүгін  20 қараша күні, Сабан театрында режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты  көркем фильмімен салтанатты түрде ашылады.

Көрсетілім аяқталғаннан кейін, Халық артисі  Айман Мұсақожаеваның, халықаралық байқаулардың лауреаты Еділ Құсайыновтың, Қазақ Ұлттық өнер университетінің Еуразиялық Симфониялық оркестрінің, «Шабыт» және «Айгөлек» атты ансамбльдердің қатысуымен үлкен концерт өтеді.

Сонымен қатар, шара аясында режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың «Қыз Жібек», Рүстем Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны» , «Қазақ хандығы. Алмас қылыш»  картиналары ұсынылып,аталған фильмдер қазақ тілінде ағылшын субтитрларымен көрсетіледі.

Оценить материал
0