Наверх

Погода в Астане:03 июня, ночь: +10° 3 м/с03 июня, утро: +14° 3 м/с03 июня, день: +17° 3 м/с03 июня, вечер: +15° 3 м/с

Ән мен романстың сиқырлы үні

1085
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

Опера жұлдыздары – керемет сопрано Айгүл Ниязова мен танымал тенор Нұрлан Бекмұхамбетов тамаша концерттік бағдарлама ұсынбақ. «Айбынды ән, мұңлы романс» атты музыкалық кеш 26 қараша күні «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.

«Астана Операның» жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова мен Нұрлан Бекмұхамбетов опералық қана емес, сонымен қатар камералық музыканың танылған интерпретаторлары болып табылады.

Осынау жанға жайлы, достық кешінде әртістер тыңдаушылар назарына М.Глинка, П.Чайковский, С.Рахманинов, С.Танеев және өзге де композиторлардың классикалық романстары ұсынылады. М.Глинканың «Я помню чудное мгновенье», «В крови горит огонь желанья», С.Рахманиновтың «Здесь хорошо», «Весенние воды» және т.б. атақты туындылар шырқалады.

Сонымен қатар  музыкалық кешке Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова, Мейіржан Кеңесбаев (скрипка), халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Мұқанов (виолончель) қатысады. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова.

Музыканттар камералық-аспаптық туындыларды асқан шеберлікпен орындауы арқылы тыңдаушыларды бір қуантпақ. Бағдарламаға С.Рахманиновтың «Восточный танец», «Вокализ», П.Чайковскийдің «Размышление», А.Бородинның «Ноктюрн» және тағы басқа шығармалары енді.

Оценить материал
0