Наверх

Погода в Астане: 01 июня, ночь: +19° 4 м/с01 июня, утро: +23° 4 м/с01 июня, день: +30° 5 м/с01 июня, вечер: +25° 5 м/с

Санкт-Петербургте VI Халықаралық мәдени форумы ашылады

1984
Фото: Министрліктің баспасөз қызметінен.

Бүгін VI Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумының ресми ашылуы өтеді, форум түрлі елдердің мәдениетімен және мәдениет саласындағы сарапшылар арасында ашық диалог пен тәжірибе алмасу алаңы болмақ, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға ресми тұлғалар, бөлім басшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары, ірі мәдениет мекемелерінің басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы сарапшылар және құрметті қонақтар қатысады.

«Мәдениет стратегиясы: шекаралардағы ынтымақтастық» форумы мәдениет және өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтетін болады. Форумға  ТМД, Еуропа, Азия, Латын Америкасы және Африка елдерінің өкілдері қатыспақ.

Биылғы жылы Қазақстан форумның «ел-қонақ» мәртебесін алды, бұл елдер арасындағы ерекше қарым-қатынастарға айрықша назар аударады және бірлескен мәдени ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болып табылады .

Форум аясында еліміздің үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. «Астана балет» театры алғаш рет «Ұлы дала мұрасы» атты хореографиялық миниатюралар және айқын ұлттық мәні бар балеттің фрагменттерін көрсететін болады. Орыс жұртшылығы дәстүрлі қазақ музыкасымен танысуға мүмкіндік алады. Осы маңызды мәдени шарада Қазақстанның ұлттық киносына  да ерекше назар аударылады.

Оценить материал
0